📢 РЕСМИ ХАБАРЛАМАFarabi University

📢 РЕСМИ ХАБАРЛАМА

23 маусым, 2025

2025 жылдың 2 маусымы мен 29 тамызы аралығында Шарджадағы Араб тілі академиясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Шығыстану факультетінің студенттері үшін қосымша онлайн-сабақтар өткізуде.

🔹 Алдын ала іріктеуден өткен ең үздік он студент тіркеуден өтті және 2025 жылдың қыркүйек айының басында онлайн форматта өтетін Халықаралық араб тілі олимпиадасында — «Тілдік шешендік байқауында» университетімізді таныстыратын болады.

🎯 Дайындықтың мақсаты — араб тілінде шешен сөйлеу дағдыларын дамыту, грамматикалық және лексикалық білімді жетілдіру, сондай-ақ көпшілік алдында сенімді сөйлеу қабілетін арттыру.

🏆 Олимпиада жеңімпаздарына жүлделі орындар, Шарджа Араб тілі академиясы тарапынан ақшалай сыйақылар, және халықаралық сертификат алу мүмкіндігі ұсынылады.

👨‍🏫 Дайындыққа жауапты үйлестірушілер:

Dr. Wael Al-Musalema (Шарджа Араб тілі академиясы)

Ф.З. Мамедова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті)


Студенттерімізге сәттілік тілейміз! Университетімізді халықаралық деңгейде лайықты түрде танытуына сенім білдіреміз!