Дипломдық жұмысты қорғау сәтті өттіFarabi University

Дипломдық жұмысты қорғау сәтті өтті

24 маусым, 2025

2025 жылғы 2-9 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасында келесі білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы сәтті өтті:

  • 6B11103 – «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» (қазақ бөлімі),
  • 6B11101 – «Туризм» (орыс бөлімі).

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы – Rixos қонақ үйінің бас директоры, қонақүй саласының білікті маманы Оңғарова Құралай Бауыржанқызы болды. Сонымен қатар комиссия құрамында "Dreamscape Travel" ЖШС-нің коммерциялық директоры Мырзағалиева Аяжан Манасбекқызы қатысты. Бұл қатысу академиялық білім мен қонақжайлылық индустриясының нақты секторымен тығыз байланысын дәлелдеді. Комиссия құрамына кафедраның жетекші оқытушылары, PhD докторлары мен доценттері енді.

Дипломдық жобалар аясында түлектер туризм және қонақжайлылық саласындағы заманауи трендтер, қызмет көрсету саласындағы цифрлық технологиялар, тұрақты туризм, мейрамхана бизнесіндегі маркетинг және сервистегі инновациялық шешімдер тақырыптарын қозғады. Студенттер жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықтарын, креативті ойлау қабілетін көрсетті және өндірістік тәжірибе барысында жинақтаған практикалық нәтижелерін сенімді түрде қорғап шықты. Қорытынды бойынша көптеген студенттер өз жұмыстарын «өте жақсы» деген бағаға қорғады, бұл олардың сапалы дайындығы мен ғылыми-практикалық жұмысының деңгейін көрсетеді. Ең үздік жобалар түрлі байқауларға қатысуға және салаға енгізілуге ұсынылды. Барлық түлектерді білім жолындағы маңызды кезеңді сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтаймыз.

Алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз кәсіби мансаптарыңыздың берік іргетасы боларына сенеміз. Ізденіс, табыс және жаңа биіктер тілейміз!

 

Защита дипломных работ прошла успешно

С 2 по 9 июня 2025 года на кафедре рекреационной географии и туризма успешно прошла итоговая государственная аттестация выпускников по образовательным программам:

  • 6B11103 – «Ресторанное дело и гостиничный бизнес» (казахское отделение),
  • 6B11101 – «Туризм» (русское отделение).

Председателями Государственной аттестационной комиссии в этом году выступили генеральный директор отеля Rixos, профессионал гостиничного бизнеса – Онгарова Куралай Бауыржановна и коммерческий директор ТОО "Dreamscape Travel" Мырзагалиева Аяжан Манасбекқызы.  Участие стало ярким показателем высокого уровня взаимодействия академической подготовки и реального сектора индустрии гостеприимства. В состав комиссии также вошли ведущие преподаватели кафедры, доктора PhD, доценты.

В своих дипломных проектах выпускники осветили актуальные темы, связанные с современными трендами в сфере гостеприимства, цифровыми технологиями в обслуживании, устойчивым туризмом, маркетингом в ресторанном бизнесе и внедрением инновационных решений в сервис. Студенты продемонстрировали высокий уровень подготовки, креативный подход и уверенно представили практические результаты, полученные в ходе преддипломной практики на базах ведущих отелей, туристских агентств и ресторанных комплексов страны. По итогам защиты большинство выпускников получили оценки «отлично», что свидетельствует о качественной подготовке и серьёзной научно-практической работе. Наиболее яркие и перспективные проекты были рекомендованы к участию в конкурсах и дальнейшему внедрению в отрасль. Поздравляем выпускников с успешным завершением важного этапа обучения.

Пусть полученные знания, опыт и профессиональные навыки станут прочной основой для реализации всех карьерных целей. Желаем вам вдохновения, профессиональных успехов и новых побед!

 

The defense of the diploma theses was successful

From June 2 to June 9, 2025, the Department of Recreational Geography and Tourism at Al-Farabi Kazakh National University successfully held the final state attestation of graduates in the following educational programs:

  • 6B11103 – Restaurant and Hotel Business (Kazakh-medium),
  • 6B11101 – Tourism (Russian-medium).

This year, the Chair of the State Attestation Commission was Kuralai Ongarova, General Director of Rixos Hotel, a highly respected expert in the hospitality industry. The event also featured the participation of Ayazhan Myrzagaliyeva, Commercial Director of Dreamscape Travel LLP, highlighting the strong collaboration between academic training and the real sector of the hospitality and tourism industry. The commission also included leading faculty members of the department, PhD holders, and associate professors.

In their thesis projects, graduates addressed pressing topics such as current trends in the tourism and hospitality sector, digital technologies in service, sustainable tourism, restaurant marketing, and innovative approaches in customer service. The students demonstrated a high level of professional competence, creativity, and confidently presented the results of their pre-graduation internships conducted in leading hotels, travel agencies, and restaurant businesses across the country. Results of the defense: The majority of students received “excellent” grades, reflecting the quality of their academic preparation and practical work. The most promising projects were recommended for participation in professional competitions and potential implementation in the industry.

We sincerely congratulate our graduates on successfully completing this important stage of their academic journey! May your knowledge, skills, and dedication serve as a solid foundation for your future careers. We wish you continued success, growth, and many professional accomplishments!