Тұрақты даму және экологиялық менеджмент бойынша дәрістерFarabi University

Тұрақты даму және экологиялық менеджмент бойынша дәрістер

29 маусым, 2025

2025 жылғы 27 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан-қытай орталығында тұрақты даму және экологиялық менеджмент мәселелеріне арналған оқу күні өтті. Іс-шараға ҚазҰУ мен Синьцзян университетінің (ҚХР) студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары – т.ғ.к. Тусупова Баян Халеловна және х.ғ.к. Минжанова Гульдана Маратовна дәріс оқыды.

Бағдарлама аясында келесі тақырыптар қамтылды:

1. Тұрақты дамудың геоэкологиялық аспектілері

2. Тұрақты даму бойынша тәжірибелік мысалдар

3. ISO 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесінің құрылымы

4. Экологиялық таңбалау және оның маңызы

Дәрістер барысында ғаламдық экологиялық мәселелер, халықаралық стандарттардың маңызы және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі талқыланды.