- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы
География және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы
2025 жылғы 3 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде БАЗ-3 аудиториясында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми кеңес 2024-2025 оқу жылын қорытындылауға, факультеттің қазіргі жай-күйін саралауға және оның одан әрі дамуының басым бағыттарын айқындауға арналды.
Факультет деканы г.ғ.к., доцент А.С. Актымбаева университеттің ғылыми кеңесінің отырысында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Негізгі назар білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша стратегиялық міндеттерге аударылды.
Жиын барысында 2024-2025 оқу жылының қорытындыларына арналған кең көлемді есеп ұсынылды. Профессорлық-оқытушылар құрамының жұмысы, білім беру және ғылыми қызметтегі жетістіктері қарастырылып, шешімін қажет ететін проблемалық мәселелер анықталды. Академиялық үлгерімді жақсарту, студенттердің мотивациясын арттыру, оқытудың инновациялық әдістері мен форматтарын енгізу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, QS және THE халықаралық рейтингтерінің нәтижелері ерекше назарға алынды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл рейтингтерде жоғары көрсеткіштерін сақтап келеді. Отырыста университет пен факультеттің рейтингтегі орнындағы өзгерістерге терең талдау жасалып, күшейіп келе жатқан бағыттар мен керісінше әлсіреген көрсеткіштер көрсетілді. Аймақтағы және әлемдік мықты және әлсіз университеттермен салыстырмалы талдау ұсынылды. Бұл факультеттің халықаралық білім кеңістігіндегі орнын объективті бағалауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, университет аясында факультет қызметінің тиімділігін бағалау үшін қолданылатын индикативтік көрсеткіштердің нәтижелері талқыланды. Атап айтқанда, оқу-әдістемелік қызмет, әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс және ғылыми-зерттеу қызметі бағыттары бойынша жұмыстардың қорытындылары қаралды.
Факультеттің басқа құрылымдық бөлімшелермен салыстырғандағы көрсеткіштері бағаланып, оның күшті және әлсіз тұстары аталды.
2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне арналған оқу пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерінің (ОӘК) сапасы туралы баяндама жасаған г.ғ.к., профессор А.Ғ. Көшім ОӘК-тің құрылымы, мазмұны және заманауи білім беру стандарттарына сәйкестігі бойынша талдау жасады. Пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес мүшелері факультеттегі білім беру, ғылыми және тәрбиелік жұмыстардың сапасын үздіксіз арттыру стратегиясын ұстанатындарын растады. Факультеттің ұлттық және халықаралық академиялық кеңістіктегі позициясын нығайтуға бағытталған нақты қадамдар белгіленді.