«Мәдениетаралық диалог: Болгария мен Орталық Азия елдерінің тоғысатын тұстары» атты Халықаралық дөңгелек үстелFarabi University

«Мәдениетаралық диалог: Болгария мен Орталық Азия елдерінің тоғысатын тұстары» атты Халықаралық дөңгелек үстел

22 тамыз, 2025

 

Құрметті әріптестер!

Құрметті докторанттар, магистранттар және студенттер!

 

Философия және саясаттану факультеті сіздерді «Мәдениетаралық диалог: Болгария мен Орталық Азия елдерінің тоғысатын тұстары» атты Халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады (Қазақстан, Болгария, Өзбекстан, Түрікменстан). Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария) арасындағы екіжақты келісім аясында, сондай-ақ БҰҰ-ның ТДМ 4 – Сапалы білім және ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылуда.

Дөңгелек үстел аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, шығыстану факультеті және халықаралық қатынастар факультеті оқытушылары (Алматы қ., Қазақстан), Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің ғылыми делегациясы (София қ., Болгария), Бухара мемлекеттік университетінің (Бухара қ., Өзбекстан) және Махтумқұлы атындағы Түрікмен мемлекеттік университетінің (Ашхабад қ., Түрікменстан) онлайн-қатысушылары арасында ғылыми пікірталас өтеді.

Өткізілу күні: 2025 жылғы 2 қыркүйек

Уақыты: 09:30 – 12:00

Форматы: гибридті – офлайн әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында (409-конференц зал), және ZOOM платформасында онлайн

ҚазҰУ кітапханасының мекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27

ZOOM сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/81579437063?pwd=YzkbePsJCo0XqmujiPsLPnffENk3nQ.1

Конференция идентификаторы: 815 7943 7063

Құпия код: 508346

Жұмыс тілдері: қазақша / орысша / ағылшынша

Дөңгелек үстелдің мақсаттары:

  • Болгария мен Орталық Азия елдерін біріктіретін тарихи-мәдени ықпалдарды анықтау;
  • Болгария мен Орталық Азия арасындағы қазіргі мәдени алмасу түрлерін талдау.

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

Болгария мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланыстарды зерттеудің әлеуетті артықшылықтары қандай?

Осы мәдениеттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты болашақта қалай нығайта аламыз?

Ұйымдастыру комитеті

 

Төраға:

 

Дүйсенов Е.Э. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор

 

Мүшелері:

Мейрбаев Б.Б. – Философия және саясаттану факультетінің деканы

Добичина В. – Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің Әл-Фараби ғылыми-білім беру және мәдениет орталығының директоры (Болгария)

Құрманалиева А.Д. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі

Мыңбаева А.Қ. – Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі

Карыбаева А.Н. – Философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Балтымова М.Р. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Садвакасова З.М. – Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Жолдубаева А.К. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті

Кабакова М.П. – Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры

Кудерина А.Н. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы

Хасиетова Ж. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанты

Турсынбаева К. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанты

Алибаева А. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты

 

Байл.: + 7 707 577 60 35; E-mail: azar.08@mail.ru; Жолдубаева Ажар Куанышбековна