- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
"Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2025 жылғы 27–29 тамызда Алматыда климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқаруға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара У.У. Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының 80 жылдығына арналды.
Конференцияға жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының, университеттердің және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Негізгі пікірталастар топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану, мелиорациядағы инновациялар, топырақ экологиясы мен биологиясы, цифрлық шешімдер, сондай-ақ көміртекті секвестрациялау және тұрақты егіншілік мәселелерін қамтыды.
Конференцияның екінші күні қатысушылар Медеу мен Шымбұлақта далалық дәріске қатысып, Алматы таулы аймақтарының топырақ алуантүрлілігін зерттеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доцент Базарбаева Т.А., б.ғ.к., доцент Шимшиков Б.Е. пен б.ғ.к., доцент Мұқанова Г.А., сондай-ақ докторант Әлимұратқызы А. қатысты.
Әріптестерімізді У.У. Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының 80 жылдығымен құттықтап, ғылыми жетістіктер тілейміз!