- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекет пен тұрақты дамуға жеткен 30 жылдық жолы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекет пен тұрақты дамуға жеткен 30 жылдық жолы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Бүгін – 2025 жылдың 29 тамыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекет пен тұрақты дамуға жеткен 30 жылдық жолы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналды. Конференция аясында ғалымдар, сарапшылар, оқытушылар мен студенттер еліміздің конституциялық жүйесі, құқықтық даму және мемлекеттік институттардың тұрақтылығы жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.
Конференцияны ұйымдастырған — заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Құқықтық ғылымның дамуына белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
#ҚазҰУ #ҚРКонституциясы30жыл #ҚазҰУКонференциясы #ҚұқықтықМемлекет #ТұрақтыДаму #ҚазҰУЗаңФакультеті #AlFarabiKazNU #KazNU2025
Басқа жаңалықтар

