«Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекет пен тұрақты дамуға жеткен 30 жылдық жолы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияFarabi University

«Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекет пен тұрақты дамуға жеткен 30 жылдық жолы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

29 тамыз, 2025

Бүгін – 2025 жылдың 29 тамыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекет пен тұрақты дамуға жеткен 30 жылдық жолы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналды. Конференция аясында ғалымдар, сарапшылар, оқытушылар мен студенттер еліміздің конституциялық жүйесі, құқықтық даму және мемлекеттік институттардың тұрақтылығы жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.

Конференцияны ұйымдастырған — заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.

 Құқықтық ғылымның дамуына белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

#ҚазҰУ #ҚРКонституциясы30жыл #ҚазҰУКонференциясы #ҚұқықтықМемлекет #ТұрақтыДаму #ҚазҰУЗаңФакультеті #AlFarabiKazNU #KazNU2025