Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да атақты ғалым-метеролог, профессор В.С. Чередниченконың 85 жылдығы аталып өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да атақты ғалым-метеролог, профессор В.С. Чередниченконың 85 жылдығы аталып өтті

2 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 1 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғат пайдалану факультетінде география ғылымдарының докторы, метеорология және гидрология кафедрасының профессоры Владимир Сергеевич Чередниченконың 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Владимир Сергеевич Чередниченко – Қазақстан мен ТМД-ның жетекші метеорологтарының бірі, өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын ғылымға және метеорология мен гидрология саласындағы мамандарды даярлауға арнаған ғалым. Оның ғылыми және педагогикалық жолы Антарктида экспедициясына қатысуды, «Қазгидромет» есептеу орталығын басқаруды, ҚазНИГМИ-дегі қызметін және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ұзақ жылдық оқытушылық қызметін қамтиды. Оның жетекшілігімен метеорология кафедрасы университеттегі алдыңғы қатарлы кафедралардың біріне айналды.

Мерейтой иесіне әріптестері, студенттері мен түлектері шын жүректен құттықтау сөздерін арнады. Университет ректорының атынан Владимир Сергеевичке Құттықтау хаты мен үлкен күміс медаль табысталды, ал университеттің кәсіподақ комитеті оның көпжылдық еңбегін ескеріп, естелік сыйлық тарту етті. Мерейтойлық кештің жылы шырайлы атмосферасы профессор Чередниченконың Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің бірнеше буын мамандарына тәлімгер болған, көрнекті ғалым әрі ұстаз ретіндегі еңбегіне деген терең құрмет пен мойындауды айқын көрсетті.