Мәскеулік зерттеушілермен парламентаризм институтының трансформациясы мәселелері бойынша кездесуFarabi University

Мәскеулік зерттеушілермен парламентаризм институтының трансформациясы мәселелері бойынша кездесу

6 қыркүйек, 2025

 

6 қыркүйек күні факультетте ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары Қарыбаева Айнұр Несібекқызы Мәскеу қаласынан келген ғылыми жоба жетекшісі, саяси ғылымдарының кандидаты Помигуев Илья Александровичпен және ғылыми қызметкер Копылова Полина Сергеевнамен кездесті.

Жобаның тақырыбы: «Атқарушы биліктің заң шығару үдерісіндегі рөлінің трансформациясы: посткеңестік мемлекеттердің салыстырмалы зерттеуі». Жоба Қаржы университетінің Парламенттік зерттеулер зертханасы тарапынан М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және Ресей саяси ғылымдар қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында ғалымдар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының әріптестерімен сараптамалық сауалнама жүргізіп, Қазақстандағы парламентаризм институтын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында зерттеудің болашағы талқыланып, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтудың және университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.