ТШжОА кафедрасында "Тіл - ұлттың жаны" атты кураторлық сағат өттіFarabi University

ТШжОА кафедрасында "Тіл - ұлттың жаны" атты кураторлық сағат өтті

5 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында, «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Шараны 1-курс студенттерінің куратор-эдвайзері Жумажанова Ф.Т. жүргізді. Кураторлық сағатқа бірінші курс студенттері белсенді қатысып, тілдің ұлт тарихындағы, мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтаудағы орны жөнінде ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, ана тілінің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді.