Көшбасшылық дәріс: Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің концептуалдық негіздеріFarabi University

Көшбасшылық дәріс: Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің концептуалдық негіздері

5 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби университетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми көзқарасын кеңейту, кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің концептуалдық негіздері» тақырыбында көшбасшылық дәріс ұйымдастырылды. Дәрісті п.ғ.к. – Әлқожаева Н.С. және Әрінова Б.А. жүргізді.

Дәріс барысында әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі теориялық негіздері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар:

  • әлеуметтік-педагогикалық білім берудің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық аспектілері талданып, олардың өзара байланысы ашып көрсетілді;

  • әлеуметтік педагогиканың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері, оның қоғамдағы рөлі мен практикалық маңызы айқындалды;

  • білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлаудың заманауи талаптары сөз болды.

  • Дәріс интерактивті сипатта өтіп, студенттер мен жас зерттеушілер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Оқытушылар тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Дәріске бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде білім алушылар белсене қатысты. Бұл дәріс жас мамандардың кәсіби ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, әлеуметтік педагогиканың қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерін түсінуге зор мүмкіндік берді.