Президент жолдауы студенттермен талқыландыFarabi University

Президент жолдауы студенттермен талқыланды

8 қыркүйек, 2025

Бүгін, 2025 жылы 8 қыркүйекте, Шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының тікелей эфирінен кейін, Арабтану орталығының директоры Жұбатова Б.Н. студенттермен Жолдауда қозғалған негізгі тақырыптарды талқылады.
Жолдауда инфляциямен күрес пен бизнесті қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, білім беру жүйесіндегі реформалар және Қазақстанның әлемдік аренадағы жаңа бастамалары сөз болды.
Президент жасанды интеллектіні меңгерген мамандарға деген сұраныстың артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Осы тұста, студенттер цифрлық технологиялардың білім беру үдерісін мен ғылымды трансформациялап жатқаны туралы көзқарастары мен болжамдарын білдірді.
Сондай-ақ экологиялық білім беру тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Жолдауда мектептер мен жоғары оқу орындарында барлық деңгейде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жүйелі тәсілін қамтамасыз ететін бірыңғай экологиялық ағарту стандарты енгізілетіні айтылды.