КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАБИНЕТІ-БОЛАШАҚ КЕҢІСТІГІ

2024 жылы 24 желтоқсан күні тарих факультеті жанынан «Кітапханалық-ақпараттық жүйелер» заманауи форматтағы әдістемелік кабинет ашылды. Кабинет демеушілер және пед.ғ.к. Туенбаева Калима Төлеубайқызының қолдауымен ашылды.
Кабинет бірнеше функцияларды орындайды:
• Оқу- студенттер ақпараттық сауаттылық, сыни ойлау негіздерін және үлкен деректермен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
•Ғылыми-кеңістік цифрлық жобаларды, соның ішінде тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысты жобаларды сынақтан өткізу үшін зертхана ретінде пайдаланылады.
•Мәдени және дүниетанымдық-кабинет кітапхана ісінің дәстүрлерін цифрлық коммуникацияның жаңа түрлерімен байланыстырады.
Студенттер физикалық ақпарат тасымалдаушылар және заманауи цифрлық құралдармен бір уақытта жұмыс істей алады. Смартфондар мен құрылғылар арқылы олар әлемдік статистикалық ресурстарға (Worldometers, World Statistics, Rankedex), IFLA және UNESCO кітапхана карталарына, АҚШ Конгресс кітапханасының сандық коллекцияларына қол жеткізе алады, сондай-ақ, С.Р. Ранганатханның «Кітапхана ғылымының бес Заңын» кітапханатанудың философиялық негізі ретінде зерттеледі.
Кабинетте әлемдік ресурстар, статистика, кітапхана ғылымының заңдары және халықаралық деректер базасына жедел көшуге арналған QR-кодтар ұсынылған. Кабинет тек оқу аудиториясы ғана емес, сонымен қатар көрнекі материалдар білім беру үдерісінің бір бөлігіне айналатын интерактивті білім беру алаңына айналды.
Жаңа форматтағы оқу-әдістемелік кабинеті- қазіргі әлемдегі ақпараттың маңыздылығын түсініп қана қоймай, оны тиімді басқара алатын, ТДМ-ға қол жеткізу және тұрақты болашақты қалыптастыру үшін қолдана алатын мамандар буынын құруға жасалған қадам. Кабинет қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында да кітапхана ісінің дәстүрлерін сақтап, оларға жаңа, өзекті мән бере алатындығын дәлелдейді.
Кабинет кітапханаларды цифрлық ортаға біріктіруге, ақпаратпен жұмыс істеудің тұрақты тәжірибесін қалыптастыруға және студенттердің зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталған, жаңа жобалар пайда болатын алаңға айналды. Бұл қазіргі әлемдегі ақпараттың маңыздылығын түсініп қана қоймай, оны тұрақты болашақ үшін тиімді басқара алатын мамандардың жаңа буынын құруға жасалған қадам.
Басқа жаңалықтар

