- Басты бет
- Жаңалықтар
- Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Алтын күз – 2025» туристік слетіне қатысты
Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен оқытушылары «Алтын күз – 2025» туристік слетіне қатысты
2025 жылдың 20–21 қыркүйегінде рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы дәстүрлі «Алтын күз – 2025» туристік слетіне қатысты. Шараны Қазақстан спорттық туристер достастығы, Алматы қаласы Туризм басқармасы, Алматы облыстық спорттық туризм федерациясы, Kaz Alpine Club (КАС) және Іле-Алатау ұлттық паркі ұйымдастырды.
Слет аясында бірнеше бағыт бойынша жарыстар өтті: техникалық қашықтық, конкурстық қашықтық, «Әке, ана, мен», «Маршрут» дисциплинасы. Бұл іс-шара 1-курс студенттері үшін белсенді және спорттық туризмнің негіздерімен танысып, командада жұмыс істеуді үйренуге, лагерь құруға, тамақ ұйымдастыруға және дала жағдайында түрлі тәжірибелік дағдыларды игеруге тамаша мүмкіндік болды.
Слетке кафедраның 100-ден астам студенттері мен магистранттары, сондай-ақ оқытушылар: Артемьев А.М., Байбуриев Р.М., Бейсахмет А.А., Әділбай Б.С., Төкенова Ж.Ж. қатысты.
Университеттің «ЖасТур» командасы кафедраны лайықты таныстырып, жүлделі орындар үшін табанды күрес жүргізіп, 24 команда арасынан жалпыкомандалық 3-орынға ие болды.
Мұндай іс-шараға қатысу студенттердің корпоративтік рухын нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Туристік слет есте қаларлық, жарқын оқиға болып, қатысушыларға мол әсер қалдырды және жаңа жетістіктерге ынталандырды.
Жүлдеу шарасынан үзінді бейнебаян:
https://drive.google.com/file/d/1bsasDu4KZXQKKcL7rvcxLEsujJ3u2fjd/view?usp=drive_link
Басқа жаңалықтар

