Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік универс
2025 жылғы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін рекреациялық география және туризм кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесе отырып, Қарақалпақ мемлекеттік университетінің (Өзбекстан Республикасы) Экономика факультеті өкілдеріне арналған «Туризм» бағыты бойынша біліктілікті арттыру бағдарламасын ұйымдастыруда.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар факультеттің оқу-зертханалық лабораторияларымен танысып, кафедра оқытушыларының дәрістеріне қатысады, ынтымақтастық мәселелері талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асады.
Рекреациялық география және туризм кафедрасының бай тәжірибесі өзбекстандық әріптестерімізге жаңа форматтағы мамандарды даярлау, туризм мен қонақжайлылық саласында білім берудің ерекшеліктері жөнінде тың ақпарат алуға және кәсіби даярлықты жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

