Қытайтанушы ғалым мемлекеттік марапатқа ие болды
26 қыркүйек, 2025

Қытайтану кафедрасының PhD, аға оқытушысы Керимбаев Ержан Әбдірайымұлы Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, елдің өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапатты факультет деканы М.Ш. Эгамбердиев салтанатты түрде табыстады.
Бұл марапат – Ержан Әбдірайымұлының ғылым мен білім беру саласындағы қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі адалдығының айқын көрсеткіші.
Қытайтану кафедрасы әріптесін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейді.