Дүниежүзілік туризм күніне арналған мерекелік концерт
Қыркүйек айының 25 жұлдызында Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттерінің ұйымдастырумен Дүниежүзілік туризм күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бұл шараға кафедра оқытушылары, студенттері және түлектері және т.б. қонақтар келіп қатысты. Концерт «Timeless tour» тематикасында жүргізіліп, көрерменге туризмнің өткен ғасырлардағы бейнесін ұсынды. Сонымен қатар, студенттер әртүрлі елдер мен халықтардың мәдениетін көрсететін музыкалық және би нөмірлерін орындады.
2025 жылғы Дүниежүзілік туризм күні ұраны — «Туризм және тұрақты трансформация». Бұл ұран туризмнің жергілікті қауымдастықтарға пайда әкелетін, табиғат пен мәдени мұраны сақтайтын, сондай-ақ саяхаттан туындайтын көміртек ізі көлемін азайтуға ықпал ететін неғұрлым жауапты үлгісіне көшу қажеттілігін айқындайды.
Шара жастар арасында туризмге деген қызығушылықты арттырып, әртүрлі курс студенттері арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.
Басқа жаңалықтар

