- Басты бет
- Жаңалықтар
- Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен докторанттары Өзбекстанда халықаралық конференцияға қатысты
Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен докторанттары Өзбекстанда халықаралық конференцияға қатысты
2025 жылғы 27 қыркүйекте рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері мен докторанттары «Өзбекстанда тұрақты туризм мен мәдени мұраны дамытудың перспективалары: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Іс-шара Мамун университетінде (Үргеніш қ., Хорезм облысы, Өзбекстан) өтті.
Конференция аясында қатысушылар тұрақты туризмді дамытудың өзекті бағыттарын, білім беру мен туризмнің өзара ықпалдастығын, Өзбекстанның мәдени мұрасының Үшінші Ренессанс кезеңіндегі рөлін, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.
Студенттер мен докторанттардың іссапары өткен жылы қол қойылған Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында қабылдаушы тараптың қолдауымен ұйымдастырылды.
Халықаралық конференцияға қатысу кафедраның студенттері мен докторанттары үшін ғылыми байланыстарды нығайтуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және болашақ мамандардың кәсіби дамуына маңызды қадам болды. Кафедра конференция ұйымдастырушыларына жоғары деңгейде өткізілген іс-шара және көрсетілген қолдау үшін шынайы алғысын білдіреді.
Басқа жаңалықтар

