- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті
Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті

Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының қызметкерлері өзекті және стратегиялық маңызды тақырыпта тақырыптық презентация ұсынды: «Әлемдік білім – ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізі»
Презентациямен сөз сөйлегендер:
PhD Айжан Мұратқызы Раушанова – дәлелді медицина саласындағы танымал маман, доцент
PhD Зинат Батырханқызы Абдрахманова – ҚазҰУ ҒЗИ-дың халықаралық тәжірибесі бар аға ғылыми қызметкері
Презентация аясында олар АҚШ-тың жетекші университеттерінің бірі — Duquesne University-де (ғылыми жетекшісі Dr. Faina Linkov) өткен ғылыми тағылымдама нәтижелерін таныстырды. Олар бұл жерде жұқпалы емес ауруларды (ЖЕА) зерттеп, халықаралық денсаулық сақтау тәжірибелерін зерделеді, сондай-ақ инновациялық білім беру және зерттеу технологияларын меңгерді.
Бұл жұмыс әлемдік академиялық тәжірибені интеграциялау арқылы отандық білім мен ғылым әлеуетін нығайтуға және медицина мен денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды дамытуға қалай ықпал ететінінің жарқын мысалы болды.
Презентация әріптестер мен студенттер тарапынан зор қызығушылық тудырды, кәсіби дамуға шабыт берді және халықаралық ғылыми ұтқырлықтың ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы маңыздылығын көрсетті.
🇰🇿 Біз ҚазҰУ қабырғасында халықаралық деңгейде ғылым мен білімге шынайы үлес қосып жүрген осындай білікті мамандардың жұмыс істейтініне мақтанамыз!
Басқа жаңалықтар

