"Жоғары білім – ел болашағының кепілі"Farabi University

"Жоғары білім – ел болашағының кепілі"

1 қазан, 2025

1 қазан — жоғары білім күніне орай кураторлық топпен “Жоғары білім – ел болашағының кепілі” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Шара барысында студенттерге жоғары білімнің маңызы, кәсіби дамудағы рөлі және ел болашағын қалыптастырудағы орны туралы түсіндірілді. Кураторлық сағатта жастарға сапалы білім алудың жеке тұлғаның жетілуіне, қоғамдағы орнын айқындауына және мемлекет дамуына қосар үлесіне тоқталынды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, заманауи білім беру жүйесі мен жастардың білімге деген көзқарасы жайында пікір алмасты.
1 курс "Археология" білім беру бағдарламасының кураторы Шакенов Самат Талгатович.