"Жоғары білім – ел болашағының кепілі"
1 қазан, 2025
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім» бағыты аясында 1 қазан — жоғары білім күніне орай кураторлық топпен “Жоғары білім – ел болашағының кепілі” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Шара барысында студенттерге жоғары білімнің маңызы, кәсіби дамудағы рөлі және ел болашағын қалыптастырудағы орны туралы түсіндірілді. Кураторлық сағатта жастарға сапалы білім алудың жеке тұлғаның жетілуіне, қоғамдағы орнын айқындауына және мемлекет дамуына қосар үлесіне тоқталынды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, заманауи білім беру жүйесі мен жастардың білімге деген көзқарасы жайында пікір алмасты.
1 курс "Археология" білім беру бағдарламасының кураторы Шакенов Самат Талгатович.
Басқа жаңалықтар
15 желтоқсан, 2025
15 желтоқсан, 2025
15 желтоқсан, 2025