Секер Қасымбайұлы Буркитбаев прокурордың көшбасшылық дәрісіFarabi University

Секер Қасымбайұлы Буркитбаев прокурордың көшбасшылық дәрісі

7 қазан, 2025

Тұрақты даму мақсаты 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» шеңберінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында
2025 жылдың 7 қазанында, 305 аудиторияда «6B04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті.

Дәрісті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары — Секер Қасымбайұлы Буркитбаев оқыды.
Көшбасшылық дәріс тақырыбы — «Азаматтық процестегі прокурордың қатысуы» болды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — Заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және  еңбек құқығы кафедрасы.

Кездесу барысында Секер Қасымбайұлы прокуратура органдарының қызметі, функциялары, құрылымы және құқықтық реттелуі туралы жан-жақты айтып өтті. Дәрісте прокурордың азаматтық процеске қатысуының мәні, оны реттейтін нормалардың қолданылу тәжірибесі және олардың материалдық-құқықтық нормалармен өзара байланысы кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, соттарда істерді қарау кезінде прокурордың қатысу нысандары, азаматтық іс жүргізудегі прокурордың процессуалдық-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері, прокурордың талап қоюы мен қорытындысы, сондай-ақ түрлі сот ісін жүргізудегі қатысу тәртібі сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.

Дәрістің жеке бөлігінде прокуратура органдарының қызметін цифрландыру мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, азаматтық істер бойынша сот шешімдерін, азаматтардың өтініштерін, мемлекеттік органдарға жүргізілетін тексерістерді есепке алу және ЕРАП ақпараттық жүйесін мен Бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізілімін пайдалану тәжірибесі талқыланды.

Іс-шара соңында студенттер дәріскерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Лекция ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, еркін пікір алмасуға және жағымды атмосфераға ықпал етті.
Студенттер Секер Қасымбайұлы Буркитбаевқа алғыстарын білдіріп, дәрістен көп жаңа әрі пайдалы ақпарат алғандарын атап өтті.