- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жастар және бейбіт қоғам: әділдік пен сенім институттарының маңызы» атты ашық кураторлық сағат
«Жастар және бейбіт қоғам: әділдік пен сенім институттарының маңызы» атты ашық кураторлық сағат

«ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында «Табиғи-техногендік қауіптер» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Жастар және бейбіт қоғам: әділдік пен сенім институттарының маңызы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің бейбіт, әділ және тұрақты қоғам құрудағы жас ұрпақтың рөлін түсінуіне ықпал ету. Кездесу барысында куратор азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы сенім әлеуметтік тұрақтылық пен даму негізі болып табылатынын атап өтті.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, әділдік пен сенімнің күнделікті өмірдегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті, тарих пен қазіргі өмірден мысалдар келтірді. Әсіресе жастардың бейбітшілікті сақтау, заңға құрметпен қарау және қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Кураторлық сағат қорытындысында қатысушылар бейбіт қоғамды құру әр адамның өзінен, оның әділ, жауапты және диалогқа ашық болуға деген ұмтылысынан басталатынын түсінді. Мұндай кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сенім мен өзара түсіністік мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

