«Әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайлар және әкімшілік жауапкершіліктен босату негіздері» тақырыбындағы оқу сабағыFarabi University

«Әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайлар және әкімшілік жауапкершіліктен босату негіздері» тақырыбындағы оқу сабағы

7 қазан, 2025

2025 жылғы 7 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Абдуллина С.Х. 310-топ студенттерімен «Әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығаратын мән-жайлар және әкімшілік жауапкершіліктен босату негіздері» тақырыбында оқу сабағын өткізді.

Іс-шараға әкімшілік құқық саласында мол тәжірибесі бар полиция майоры Жумабек Куаныш арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысты. Ол ішкі істер органдарының тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, әкімшілік құқық бұзушылықтарды саралау ерекшеліктері мен әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау процесіндегі маңызды тұстарға ерекше назар аударды.

Сабақ интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді түрде пікір білдіріп, сұрақтар қойып, талқылауға қатысты. Құқық қорғау органы өкілінің қатысуы сабаққа тәжірибелік бағыт беріп, білімнің терең меңгерілуіне ықпал етті.

Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың әкімшілік-құқықтық тетіктерді дұрыс түсінуіне және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен септігін тигізеді.

"Мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы