Экологиялық білім беру тренингі ұйымдастырылдыFarabi University

Экологиялық білім беру тренингі ұйымдастырылды

14 қазан, 2025

13 қазан 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде БҰҰ-ның №15 Тұрақты даму мақсаты – «Құрлықтағы экожүйелерді сақтау және ормандарды ұтымды пайдалану» аясында және «Farabi Greencampus: Таза университет» жобасы бойынша экологиялық білім беру тренингі ұйымдастырылды. Іс-шара Экология құқығы пәні шеңберінде өткізіліп, оған заң факультетінің студенттері белсенді қатысты.
Тренингтің алғашқы бөлімі ҚазҰУ кампусының табиғат аясында өтіп, студенттерге университет аумағындағы жасыл желек пен табиғи ортаның маңыздылығы, экожүйені сақтау жолдары туралы мәлімет берілді. Бұл бөлімде қатысушылар экологиялық құқық нормаларын нақты мысалдар арқылы талқылап, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің құқықтық негіздерімен танысты.
Тренингтің екінші бөлігі Алматы ботаникалық бағында жалғасын тапты. Мұнда студенттер сирек кездесетін өсімдіктер түрлерімен танысып, флораны қорғаудың маңыздылығы жайлы мол ақпарат алды. Сонымен қатар, экологиялық заңнама шеңберінде ботаникалық бақтың қызметі мен құқықтық реттелуі жөнінде пікір алмасу өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті м.а. Рашева Г.К.