Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастыру және әлеуметтік жауапкершілікFarabi University

Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастыру және әлеуметтік жауапкершілік

14 қазан, 2025

13.10.2025 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы С.М.Жапаков 202 және 223 топ студенттерімен БҰҰ-ның ТДМ-мен, атап айтқанда, №3 мақсат –Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу, №10 мақсат – Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту аясында «Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастыру және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Іс-шараға кафедра меңгерушісі, з.ғ.д.,профессор Г.А. Қуаналиева қатысып, студенттерге қайырымдылықтың маңыздылығы мен Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес әлеуметтік қолдаудың рөлін түсіндіру арқылы шараға өз үлесін қосты.                                                           Шара мақсаты: 202 және 223 топ студенттеріне қайырымдылықтың маңызын түсіндіру, жастар арасында жанашырлық пен жауапкершілік сезімін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен сыйластық атмосферасын қалыптастыру.                                                                                                                                                   Қайырымдылық — жүректен шыққан шынайы мейірім мен жан жылуының айқын көрінісі. Осы орайда заң факультетінің студенттері оқытушы жетекшілігімен ТДМ-ға сәйкес «Қамқор» әлеуметтік үйінде маңызды қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл кездесу үлкенге құрмет көрсету мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға арналған ерекше мүмкіндік болды.
Шара барысында студенттер қарияларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен арнайы сыйлықтар табыстап, шағын концерт ұйымдастырды. Жылы жүзді әңгімелер мен көңіл бөлулер арқылы олар рухани қолдау көрсетті.
Қарттарға көрсетілген ілтипат — өткенге тағзым, болашаққа сенім. «Қамқор» әлеуметтік үйіндегі бұл жылы жүздесу — жүректерге із қалдырған естен кетпес сәт болды, қоғамдағы рухани байланыс пен адамгершілік құндылықтарды нығайтты.