- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты дамуға бағытталған серіктестік: Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастықты дамыту
Тұрақты дамуға бағытталған серіктестік: Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық ынтымақтастықты дамыту
2025 жылғы 7 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қытай – Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығы – Қытай – Қазақстан құқықтық зерттеу орталығында» кездесу өтті.
Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д. профессор Г.А. Қуаналиева, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті м.а. Г.К. Рашева, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің халықаралық құқық мектебінің профессоры Чжан Гуаньяо мен осы университеттің докторанты Шаймұрат Мархаба қатысты.
Бұл кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 – «Тұрақты дамуға бағытталған серіктестік» (SDG 17: Partnerships for the Goals) аясында ұйымдастырылды.
Бастаманың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ өңірлік құқықтық зерттеулер мен тәжірибе алмасуды дамыту болып табылады.
Басқа жаңалықтар