Тұрақты дамуға бағытталған серіктестікFarabi University

Тұрақты дамуға бағытталған серіктестік

14 қазан, 2025

2025 жылғы 7 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Қытай-Орталық Азия құқығын анықтау және зерттеу орталығы  -  Қытай-Қазақстан  құқықтық зерттеу орталығында" кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиева, заң ғылымдарының кандидаты, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, осы орталықтың директоры Т. Ә. Токтыбеков мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің халықаралық құқық мектебінің профессоры Чжан Гуаньяоның кездесуі өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 «Тұрақты дамуға бағытталған серіктестік» (SDG 17: Partnerships for the Goals) шеңберінде жүзеге асырылып отырған бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу қызметінің болашағы мен бағыттарын, ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық аясында қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан іске асыру тетіктерін талқылады.

Сонымен қатар, іссапар аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар кітап қоры, мұрағаттық материалдар және ғылыми-мәдени құндылығы бар өзге де академиялық ресурстармен танысты.