Заң психологиясы: теория, тәжірибе және перспективалар
2025 жылғы 4 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Заң психологиясы: теория, тәжірибе және перспективалар" тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара заң психологиясының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Д.Д. Дүйсенбековтің ғылыми мұрасына арналды. Дөңгелек үстелге жиналған ғалымдар мен тәжірибешілер заң психологиясын құқық қорғау және сот қызметінде қолданудың іргелі теориялық ережелері мен өзекті мәселелерін талқылады.
Назар аударған басты мәселе – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, з.ғ.к. Тоқтыбеков Темір Әбікенұлының "Қазақстан Республикасындағы сот психологиясының өзекті мәселелері" тақырыбындағы баяндамасы болды.
Баяндамашы Қазақстандағы сот психологиясының негізгі проблемаларына тоқталды, оның ішінде: сот-психологиялық сараптаманы жүргізудің сапасы мен әдістемесі, тергеу және сот барысындағы кәмелетке толмағандармен және жәбірленушілермен жұмыс істеудің психологиялық аспектілері, психологиялық факторларды ескере отырып, куәгерлердің айғақтарының дұрыстығын бағалау.
Қатысушылар әділ соттың тиімділігін арттыру үшін психологиялық білімді заң тәжірибесіне интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел профессор Д.Д. Дүйсенбеков негізін қалаған саладағы ғылыми зерттеулерді жалғастыру қажеттігін растап, халықаралық ғылыми қауымдастық арасында тәжірибе алмасудың өнімді алаңына айналды.