Таза Қазақстан – жарқын болашаққа жол!Farabi University

Таза Қазақстан – жарқын болашаққа жол!

20 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 20 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында БҰҰ ТДМ 3 іске асыру және Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту жоспары (2024–2029 жж.) аясында ұйымдастырылды.
Сенбілікке Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұжымы белсенді қатысты. Атап айтқанда, кафедра меңгерушісі Г.А. Қуаналиева, кафедра оқытушылары, А.А. Есекеева, Д.А. Бакиров, Б. Қалымбек, А.А. Құдайбергенов, Р.Т. Бектұрсын, І.Б. Шапқатова өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, бұл шараға Заң факультетінің 1-курс студенттері оқу топтары да белсене атсалысты. Жас студенттердің табиғатқа деген қамқорлығы мен ұжымдық еңбегі ерекше көңілге қуаныш сыйлады. Олардың экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы белсенділігі – болашақ заңгерлердің жауапкершілігі мен отансүйгіштігінің айқын дәлелі.
Сенбіліктің басты мақсаты – университет аумағын абаттандыру ғана емес, жастарға табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және ұжымдық еңбектің маңыздылығын дәріптеу болды.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндеті!Экологиялық мәдениет – жас ұрпақтың өмірлік ұстанымы болуы тиіс!