ТДМ 4, 16. Республика күніне арналған «Рухы биік ел» атты дөңгелек үстел өттіFarabi University

ТДМ 4, 16. Республика күніне арналған «Рухы биік ел» атты дөңгелек үстел өтті

16 қазан, 2025

2025 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Республика күніне арналған «Рухы биік ел» атты дөңгелек үстел өтті!

Бұл маңызды іс-шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен дайындық кафедрасының тыңдаушыларының қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, рухани құндылықтарды және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен баяндамалар тыңдалып, патриоттық әндер орындалды.

🔹 ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева, филология және тарих саласының көрнекті ғалымдары мен жас мамандар Тұрақты даму мақсаттарының ішінде Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар (ТДМ 16), сондай-ақ Сапалы білім (ТДМ 4) бағыттарымен үндес рухани және мәдени дамудың маңызын атап өтті.

🔹 Абай атындағы опера және балет театрының солисті Дархан Жолдыбаев «Атамекен» әнін орындап, шараға ерекше рухани серпін берді.

Бұл кездесу қазақстандық жастардың ұлттық сана-сезімін көтеруге, мәдени мұраны дәріптеуге және елдің тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған маңызды диалог алаңы болды.