Табиғатты аяла – болашағыңды сақтаFarabi University

Табиғатты аяла – болашағыңды сақта

7 қазан, 2025

2025 жылғы 7 қазанда Ботаникалық бақта Тұрақты дамудың мақсаты №15 бағыты Жердегі экожүйелерді сақтау: Ластану бойынша «Табиғатты аяла – болашағыңды сақта», тақырыбында 203 топ студенттермен іс шара ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау және ластанумен күресу жер бетіндегі әрбір адамның денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдар болып табылады. Ботаникалық бақта талқыланға сұрақтардың бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген бірден бір мәселе «Су ресурстары және жаһандық құзыреттер» болатын су тапшылығы – тек экономикалық емес, болашақтағы әлеуметтік тұрақтылыққа әсер ететін маңызды тақырып. Бұл мәселені шешу үшін қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру қажет.
Заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық қафедрасының аға оқытушысы С.М.Жапаков, кафедра меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор Г.А. Қуаналиева ұйымдастырды.