Студенттермен кездесу: тәртіп, тұрмыс және білім алу сапасын жақсарту
17.09.2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №18 студенттер үйінде білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесуді заң факультетінің деканы, профессор У.А.Ахатов ұйымдастырып өткізді. Бұл кездесуде студенттердің тәртіп мәселесі, студенттер үйінде тұру ережесі талқыланды, білім алуға жасалып жатқан қолайлы жағдайлар айтылды. Сонымен қатар, білім алушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Іс шараға университет әкімшілігі, Бостандық ауданы полиция басқармасының өкілдері, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.А.Куаналиева, осы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы; Азаматтық құқық және іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Кездесу жылы қарым-қатынаста өтті.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.А.Куаналиева және кафедраның кураторлары Бакиров Дархан, Кудайбергенов Амир, Шапқатова Іңкәр студенттер бөлмелерін аралап 1 курс студенттерімен кездесіп, білім алуға, студенттер үйінде тұруға қолайлы жағдай, қажетті құрал-жабдықтарды көрсетіп, өзге де қажеттіліктерді айтып түсіндірді.
Басқа жаңалықтар