Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ежелгі сүйек технологиясы» арнайы курсы басталады
17 қазан, 2025
2025 жылдың 27 қазан – 25 қараша аралығында
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да арнайы курс өтеді!
Дәріскер — доктор Мальвина Боман, Льеж университетінің және ZooStan зертханасының (CNRS–ҚазҰУ) қауымдастырылған зерттеушісі.
Курс аясында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі:
🔹 Құрал жасауға пайдаланылған сүйектердің зооархеологиялық анықтамасы
🔹 Өндірістік тізбектерді қалпына келтіру
🔹 Трасологиялық талдау (қолдану іздерін зерттеу)
🔹 Заманауи талдау әдістері — микротомография
Дәрістер сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11:00-ден 11:50-ге дейін университетте, 4-1 аудиториясында өтеді: Тарих факультеті
Дәрістер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында өткізіледі.
Басқа жаңалықтар

18 қазан, 2025

18 қазан, 2025

17 қазан, 2025