- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тау аймақтарының ландшафтық экологиясы: Медеу шатқалын үлгілік нысан ретінде зерттеу»
«Тау аймақтарының ландшафтық экологиясы: Медеу шатқалын үлгілік нысан ретінде зерттеу»
2025 жылдың 18 қарашасында «Ландшафтық экология» пәні бойынша г.ғ.к., доцент Т.А. Базарбаева 3-курс «Экология» мамандығының (қазақ бөлімі) студенттеріне аудиториядан тыс дәріс өткізді.
Дәріс пен семинар сабақтарының барысында студенттер Қазақстан ландшафттарының түрлерімен танысып, олардың шығу тегі мен өзгерістері Медеу шатқалының мысалында көрнекі түрде көрсетілді. Таулы аймақтардың тік белдеулік ерекшеліктері, сондай-ақ экожүйелердің тұтастығын сақтауға бағытталған ландшафтық-экологиялық зерттеулердің түрлері қарастырылды.
Сабақ барысында студенттер табиғи компоненттерді көзбен бақылап, антропогендік факторлардың ландшафт құрылымына әсерін талқылады. Тұрақты табиғат пайдалану мен табиғи мұраны сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай іс-сапарлық дәрістер болашақ экологтардың тәжірибелік дағдыларын нығайтып, теориялық білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар