Материалдық емес мәдени мұра: халық рухының мәңгілік бейнесі

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 42-сессиясында қабылданған 42 С/34 қарарына сәйкес 17 қазан Халықаралық материалдық емес мәдени мұра күніне орай «Материалдық емес мәдени мұра: халық рухының мәңгілік бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінің «6B02213 Музеология және тарихи-мәдени туризм», «6B02211 Этнология және антропология», «6B02206 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының студенттері қатысты.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – материалдық емес мәдени мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау, сонымен қатар қызығушылық танытқан көпшілік қауымның, студенттердің, мәдениет саласының мамандары мен зерттеушілердің қатысуын қамтамасыз ету.
Дөңгелек үстел спикерлері ретінде ЮНЕСКО өкілдері, отандық ғалымдар мен қоғам белсенділері, музейдің ғылыми қызметкерлері қатысады.
Дөңгелек үстелде келесі негізгі тақырыптар қарастырылады:
- ЮНЕСКО-ның 2003 жылғы Конвенциясы бойынша «Материалдық емес мәдени мұра» ұғымының мазмұны;
- ЮНЕСКО тізіміне енгізілген қазақтың материалдық емес мәдени мұра элементтері;
- Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудағы қазіргі қауіп-қатерлер мен сын-қатерлер;
- Музейлердің, жергілікті қауымдастықтар мен жастардың мәдени жадыны жеткізу және сақтау ісіндегі рөлі.
Аталған шара барысында студенттер белсенді болып, өз пікірлерін білдірді.