«Киберқауіпсіздіктің заманауи қатерлері және киберқылмыстардың алдын алу» тақырыбындағы қонақ дәрісіFarabi University

«Киберқауіпсіздіктің заманауи қатерлері және киберқылмыстардың алдын алу» тақырыбындағы қонақ дәрісі

22 қазан, 2025

Қазақстан Республикасы күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасында «Киберқауіпсіздіктің заманауи қатерлері және киберқылмыстардың алдын алу» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәрісті Алматы қаласы Полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Тоқтарбеков Рустам Бейсенғалиевич жүргізді.

Дәріс барысында цифрлық кеңістіктегі өзекті қатерлер мен қауіптер, кибералаяқтықтың түрлері мен әдістері, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар қарастырылды. Ерекше назар жеке деректерді қорғау, цифрлық сауаттылықты арттыру және интернет желісінде жауапты мінез-құлық қалыптастыру мәселелеріне аударылды.

Іс-шара студенттердің киберқауіпсіздік саласындағы кәсіби хабардарлығын арттыруға және болашақ заңгерлердің тәжірибеге бағытталған ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, студенттердің цифрлық ортадағы қазіргі заманғы тәуекелдер мен үрдістерді түсінуіне мүмкіндік береді. Қонақ дәрісі студенттердің цифрлық трансформация жағдайында тиімді құқықтық қызмет атқаруына қажетті құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған кәсіби дайындықтың маңызды бөлігіне айналды.