25 қазан –мемлекетіміздің мерейлі мерекесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасы "Гидрология" білім беру бағдарламасының 2-курс куратор-эдвайзерлері Д.Д. Арыстамбекова, М.С. Оспанова және Т.М. Казакбаева 25 қазан – Республика күніне орай кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Егемендік алғаннан бергі тарихи кезеңдері мен маңызды мерекелік даталарына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, танымдық ойын ұйымдастырылды. Студенттер белсенділік танытып, ел тарихына деген қызығушылығын арттырды.

Республика күні – мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайтын, ұлттық бірліктің, елдіктің және рухтың символы болып табылады. Бұл мереке – қазақстандықтар үшін ел дамуының бастауы мен азаттықтың айғағы. Шара барысында студенттер Республика күнінің тарихи мәні мен маңыздылығын талқылап, еліміздің жеткен жетістіктері мен болашаққа деген сенімдерін ортаға салды.

Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтіп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар