- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖАСТАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР: ҚАЗАҚСТАН МЕН КАНАДА УНИВЕРСИТЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
ЖАСТАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР: ҚАЗАҚСТАН МЕН КАНАДА УНИВЕРСИТЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
13 қазан 2025 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың философия және саясаттану факультетінде әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұйымдастыруымен оқытушылар мен білім алушыларға Калгари университетінің профессоры Дора М.Й. Там (PhD, University of Calgary, Канада) дәріс оқыды. Профессор Дора М.Й. Там – әлеуметтік жұмыстағы цифрлық технологиялар, жастардың психикалық денсаулығы саласындағы беделді ғалымдардың бірі.
Дәріс тақырыбы студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, білім алмасып және жастардың психикалық денсаулығын зерттеудің заманауи тәсілдері талқыланды. Дәріс барысында профессор Д.Там Photovoice әдістемесіне негізделетін “Child and Youth Mental Health: Photo Stories from Young Persons” атты зерттеу жобасының қорытындыларын таныстырды. Жоба барысында жасөспірімдер фотосуреттер мен жеке әңгімелер арқылы психикалық салауаттылық, өзін-өзі бағалау және әлеуметтік қолдау сынды тақырыптарды зерделеп, бұл олардың жеке тәжірибесі мен әлеуметтік ортасын тереңірек түсінулеріне мүмкіндік берді.
Дәріс барысында қатысушылар Photovoice қолданудың әлеуметтік әсерін, соның ішінде жасөспірімдердің бойында сенімділікті арттыруды, ұрпақтар арасындағы түсіністікті арттыруды және психикалық бұзылуларға байланысты стигманы азайтуды талқылады. Бұл нәтижелер аудиторияда қызу талқыланып, нәтижелі ғылыми тәжірибе алмасуға негіз болды.
Талқылау барысында профессор Д.Там әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде цифрлық платформалар мен интерактивті әдістерді қолдану негізінде әлеуметтік қолдаудың гибридті формаларын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ профессор, мұндай әдістер жастардың қатысуын кеңейту және тұрақты психоәлеуметтік салауаттылықты қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, Қазақстан мен Канада университеттері арасындағы ынтымақтастықты бүгінгі контексте ерекше маңызды ете түсетінін атап өтті.
Аталған іс-шара мазмұны БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 3 – Денсаулық пен әл-ауқат, ТДМ 4 – Сапалы білім, ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік бағыттарымен ұштасады. Дәріс жастардың психикалық денсаулығының маңыздылығының әлеуметтік басымдығын атап өтті және халықаралық академиялық ынтымақтастық төзімді қоғамдастықтарды нығайтуға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және эмпатия мен инклюзивтілік мәдениетін таратуға ықпал ететінін көрсетті.
Арын Д.А., Саймасаева А.А.

Басқа жаңалықтар