ТДМ 4 шеңберінде: «Сапалы білім» мақсатындағы білім алмасуFarabi University

ТДМ 4 шеңберінде: «Сапалы білім» мақсатындағы білім алмасу

23 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті ботаника және агроэкология кафедрасының «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттары: Абдуалиева Ж.А., Ермекбаева Ф.Н., Қуандық Н.Д., Турайлова Ш.А. кафедра доценті, б.ғ.к. Ибрагимов Талгат Садуакасовичтің жетекшілігімен ағымдағы жылдың 22 қазан күні «Ботаника және фитоинтродукция институтында» Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Ботаника институтының PhD дәрежесіндегі өзбекстандық әріптес – Алиева Кумуш Баҳодирқызының «Орталық Азияны торлы картографиялау» (Grid mapping of Central Asia) тақырыбындағы жұмысы бойынша баяндамасын тыңдап, тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда, ТДМ 4 («Сапалы білім») қол жеткізуге ықпал тигізді.

        Осы ғылыми баяндаманы тыңдау барысында алынған халықаралық тәжірибе докторанттардың біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен бірге ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде ілгерілетуге де мүмкіндік береді.

          Сонымен қатар, «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттары біліктілігін арттыру барысында геоботаника зертханасының меңгерушісі Димеева Лилия Аминовнаның қабылдауында болып, зертхананың негізгі бағыттарымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнымен және қолданылып жатқан заманауи әдістемелермен танысты. Кездесу барысында докторанттар өздерінің ғылыми қызығушылықтарына сай зертханалық жұмыстарға қатысу мүмкіндіктерін талқылап, ғылыми ынтымақтастықтың болашағы жөнінде пікір алмасты.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы