- Басты бет
- Жаңалықтар
- Цифрлық болашақ үшін серіктестік: Президент Жолдауын талқылау бойынша Наурызбай ауданы әкімдігіндегі кездесу
Цифрлық болашақ үшін серіктестік: Президент Жолдауын талқылау бойынша Наурызбай ауданы әкімдігіндегі кездесу
2025 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған алқалы кездесу өтті.
Бұл маңызды кездесу дамудың негізгі серіктестерін біріктірді: аудан әкімі Н.А. Тоғысбаева, әкімшіліктің жауапты қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және іс адамдары қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Барыс Әлікенұлы Жапаров назарын Жолдаудың негізгі арқауы болған – цифрлық өзгерістерге және жасанды интеллект (ЖИ) пен интеллектуалды жүйелерді жаппай қолдануға аударды. Профессор жас мемлекеттік қызметшілердің қызметінде цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді енгізу және қолдана білудің заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтаумен ұштасуының маңыздылығына ерекше тоқталды.
ТДМ-17 («Тұрақты даму үшін серіктестік») аясында бұл кездесу ұлттық міндеттерді бірлесіп шешудегі жергілікті билік, ғылым және қоғам арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болды. Аудан әкімі барлық қатысушыларды Жолдауда көрсетілген мақсаттарды аудан көлемінде бірлікте орындауға шақырды.
Басқа жаңалықтар