«Атамекенге қош келдіңіз!» – ел рухын асқақтатқан мерекелік кешFarabi University

«Атамекенге қош келдіңіз!» – ел рухын асқақтатқан мерекелік кеш

24 қазан, 2025

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тек білім мен ғылымның ордасы ғана емес, руханият пен мәдениеттің алтын бесігі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған дәстүрлі «Атамекенге қош келдіңіз!» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, ел бірлігін нығайтып, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу еді. Бұл кеш – ел тарихының ұлы белестерін еске салып, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге бағытталған рухани тағылымды мереке болды.Кештің шымылдығын ашу үшін алғашқы құттықтау сөз ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Алмас Әуелбекұлы Бектанов мырзаға берілді. Алмас Әуелбекұлы өз сөзінде жиналған қауымды Республика күнімен шын жүректен құттықтап, ел болашағы – жас ұрпаққа үлкен сенім артылатынын атап өтті. Сондай-ақ, тыңдаушыларды білім мен еңбекті жоғары бағалауға, отансүйгіштік пен бірлік рухын сақтауға шақырды.Мерекелік кешке құрметті қонақтар – «Мақсат Мед» медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымының магистрі, ҚР «Қазақ медициналық қоғамы» бірлестігінің төрағасы Мақсат Әбдіқадырұлы және кәсіпкер Сабыржан Мұхаметханұлы арнайы шақырылды. Қонақтар өз құттықтау сөздерінде жастарды елжандылыққа, білім мен еңбекқорлыққа үндеп, Республика күнімен шын жүректен құттықтап, 13 тыңдаушыға бір реттік шәкіртақы табыстады. Кеш шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, залды ерекше патриоттық леп кернеді. Алғашқы номерде тыңдаушылардың орындауындағы «Арман мекені» биі кештің әсерлі басталуына себеп болды.Кеш барысында қазақ поэзиясының алыптары – Қ.Мырзалиев, Ж.Молдағалиев, М.Мақатаев, Қ.Аманжолов және М.Шахановтың туған жер мен отан тақырыбындағы жырлары оқылып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. Факультет тыңдаушылары орындаған патриоттық әндер мен күйлер ұлттық өнердің құдіретін паш етті. Тыңдаушылардың «Көк тудың желбірегені» әні – отаншылдық рухтың жарқын айғағына айналды. Сондай-ақ, Есмағанбет Толғанайдың орындауындағы «Әгугай домбыра», домбырашылар тобының Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі және бишілердің «Қара жорға» биі – кештің көркін одан әрі арттырды.Арқалық Бүлдіршіннің «Атамекен» атты жүрекжарды жыры мен Ерболат Дегдардың орындауындағы заманауи «Shape of You» әні ұлттық пен заманауи өнердің үйлесімін көрсетті. Кеш соңында өнерлі жастардың «Атамекен» әнін хормен орындап, залды рухани тұтастыққа бөледі.Мерекелік кеш «Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иеміз ата-баба рухына» – деген жүрекжарды лебізбен аяқталды.«Атамекенге қош келдіңіз!» атты бұл мерекелік кеш – елін сүйетін, ұлтына қызмет ететін, рухы биік жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған мазмұнды да мәнді шара болды.