ТДМ 4 «Сапалы білім»Farabi University

ТДМ 4 «Сапалы білім»

22 қазан, 2025

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – №4 “Сапалы білім” аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
2025 жылдың 22 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 304-топ студенттері және топ кураторы з.ғ.к., доцент Н.К. Мынбатыровамен бірге «Farabi BookWave: Университет оқырманы» жобасы аясында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Мұхтар Әуезов атындағы кітапханаға барды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – университет студенттері арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және білім мен рухани даму деңгейін көтеру болып табылады.
   Кітапханаға келген студенттерге кітапхана қызметкерлері мекеменің тарихы, құрылымы және қорындағы сирек кездесетін әдебиеттер туралы кеңінен таныстырылым өткізді. Сондай-ақ студенттер кітапхананың заманауи цифрлық мүмкіндіктерімен, электрондық каталогтармен және оқырмандарға арналған жаңа қызмет түрлерімен танысты.
    Шара барысында студенттер өздері сүйіп оқыған кітаптар туралы пікір алмасып, әдебиет әлемінің адамды ойлануға, ізденуге және рухани толысуға жетелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, «Бір апта – бір кітап» атты оқырмандық челлендж бастау алды.
     Бұл жоба студенттердің сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, оқуға деген ынтасын арттыруға және рухани құндылықтарға деген құрметті күшейтуге бағытталған. Мұндай бастамалар жастардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, оқу арқылы өзін-өзі жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
    «Farabi BookWave» жобасы – жастар арасында оқу мәдениетін тұрақты дамытуға, университет пен қоғам арасында рухани байланыс орнатуға бағытталған игі бастама.
Шара соңында студенттер кітап оқу – тек білім көзі емес, адамды ойлы, зерделі және рухани бай тұлға ретінде қалыптастыратын өмірлік мектеп екенін ерекше атап өтті.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы