Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

17 қазан, 2025

2025 жылғы 17 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 70 жылдық мерейтойына орай «Қазіргі жағдайдағы құқықтық ғылымның тұрақты дамуының доктриналары, мектептері мен тұжырымдамалары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараны Заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды. Конференцияның ұйымдастырушысы – заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Қуаналиева және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы.
Конференцияның негізгі мақсаты – заманауи құқықтық ғылымның даму үрдістерін, теориялық тұжырымдамаларын және ғылыми мектептерін талдау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен тәжірибенің өзара байланысын нығайту.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен тәжірибелі заңгер мамандар қатысты. Конференция аясында құқықтың түрлі салаларындағы өзекті мәселелер кеңінен қарастырылып, заманауи ғылыми тәсілдер мен доктриналық бағыттар сараланды.
Жиын қорытындысы бойынша ғылыми ұсыныстар мен тұжырымдар жинақталып, құқықтық ғылымның әрі қарай даму жолына маңызды серпін беретін ой-пікірлер мен бастамалар ұсынылды.