Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ВШП «Әділет» білім беру бағдарламасында «DIGITAL BRIDGE 2025 – ASTANA: GENERATIVE NATION» тақырыбында қонақ дәріс өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ВШП «Әділет» білім беру бағдарламасында «DIGITAL BRIDGE 2025 – ASTANA: GENERATIVE NATION» тақырыбында қонақ дәріс өтті

16 қазан, 2025

2025 жылғы 16 қазанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ-9 «Мықты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыруды ілгерілету және инновацияларды енгізу» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Сағынаев М.Е. Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» жоғары мектебінде (Алматы қ.) «DIGITAL BRIDGE 2025 – ASTANA: GENERATIVE NATION» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты: 2025 жылдың 2–4 қазаны аралығында Астана қаласында өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының нәтижелерімен студент жастарды таныстыру.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.
Модератор: кафедраның аға оқытушысы Сағынаев М.Е.
Қатысушылар: Каспий қоғамдық университеті «Әділет» жоғары мектебінің «Caspian Dream Team» білім беру гранты иегері 1 және 2 курс студенттері.

Дәріс барысында қатысушыларға форумның мазмұны, қатысушылары және негізгі нәтижелері бойынша презентация ұсынылып, негізгі ақпарат жеткізілді. Дәріс жүргізуші форумның мақсаттары, құрамы және кейбір стартап жобалары туралы кеңінен айтып берді.

Digital Bridge құрылған сәтінен бастап Еуразия аймағындағы басты технологиялық іс-шаралардың біріне айналды. Форумның стратегиялық мақсаты – Қазақстанды Еуропа мен Азияны байланыстыратын технологиялық хаб ретінде дамыту, сондай-ақ инновацияларды экспорттай алатын және жаһандық технопродуктілер жасай алатын тұрақты цифрлық экожүйені қалыптастыру.