«Farabi BookWave: Университет оқырманы» жобасы аясында танымдық саяхат ұйымдастырылдыFarabi University

«Farabi BookWave: Университет оқырманы» жобасы аясында танымдық саяхат ұйымдастырылды

17 қазан, 2025

2025 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты – ТДМ-4: «Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету» бағытын жүзеге асыру аясында маңызды іс-шара өтті.

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Елеусизова Нұргүл заң факультетінің 1-курс студенттеріне арналған «Farabi BookWave: Университет оқырманы» жобасы бойынша «Фараби кітапханасына» танымдық саяхат ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер кітапхананың құрылымы мен мүмкіндіктерімен танысып, Әл-Фараби бабамыздың ғылыми мұрасы, философиялық көзқарасы мен адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ, студенттерге кітапхананың цифрлық ресурстары, оқу залдары және білімге қолжетімділікті арттыру бағытындағы инновациялық бастамалар таныстырылды.

Іс-шара барысында оқытушы мен студенттер білім мен кітап оқу мәдениетінің маңызы, сондай-ақ әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» жайлы идеяларының қазіргі қоғаммен байланысы туралы пікір алмасты.