- Басты бет
- Жаңалықтар
- Цифрлық экономиканың жағдайында жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және оның кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі
Цифрлық экономиканың жағдайында жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және оның кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі
2025 жылдың 24 қазанында Тәжікстан Республикасының астанасы – Душанбе қаласында, Тәжік ұлттық университетінде «Цифрлық экономиканың жағдайында жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және оның кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Бұл іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясының 2025 жылғы 25 шілдеде қабылдаған «Орталық Азияда жасанды интеллекттің тұрақты даму мүмкіндіктерін қалыптастырудағы рөлі» атты резолюциясының аясында және 2025–2030 жылдарды «Цифрлық экономика мен инновацияларды дамыту жылдары» деп жариялау бастамасы негізінде ұйымдастырылды.
Бұл халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің ғалымдары кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гульдана Амангельдиевна Куаналиева; заң ғылымдарының докторы, профессор Даулет Лаикович Байдельдинов; заң ғылымдарының кандидаты , профессор Гульнар Тулеухадировна Айгаринова қатысып, өз баяндамаларын ұсынды.
Ғалымдар өз баяндамаларында жасанды интеллектіні құқықтық реттеу мәселелерін, цифрлық технологиялардың кәсіпкерлікке ықпалын және құқықтық қауіпсіздік қағидаттарын талдады.