«Заң факультетінің студенттерінің Д.А. Кунаев атындағы үй-музейге экскурсиясы»Farabi University

«Заң факультетінің студенттерінің Д.А. Кунаев атындағы үй-музейге экскурсиясы»

18 қазан, 2025

2025 жылғы 18 қазанда заң факультетінің 116-топ студенттері Алматы қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың үй-мұражайына барды. Іс-шараны мемлекеттік және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы з.ғ.д. Баймаханова Д.М. ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) аясында ұйымдастырды.

Экскурсияның мақсаты – студенттердің тарихи-құқықтық білімін кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және Қазақстанның көрнекті тұлғаларына құрметпен қарауды насихаттау болды. Іс-шара барысында студенттер ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен мемлекеттік қызметімен танысты. Экскурсияны Жаннета Серікбаева жүргізіп, мұражайда қойылған жеке заттар, құжаттар, фотосуреттер мен марапаттар жайлы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ ол Қонаевтың өмірбаянындағы негізгі кезеңдерге тоқталып, оның елдің саяси және қоғамдық өміріндегі рөлі мен қазіргі ұрпақ үшін тұлғалық маңызын атап өтті.

Студенттер экскурсоводтың әңгімесін зейін қойып тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, тарихи материалдар мен көрнекті мемлекет қайраткерінің өміріне зор қызығушылық танытты. Бұл іс-шара студенттерге Қазақстан тарихы туралы білімдерін толықтыруға ғана емес, халықтың мәдени және рухани мұрасын сақтаудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар мұражай қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын білдіріп, осындай шаралар жастар арасында тарихқа құрмет пен отансүйгіштік сезімін тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.

"Мемлекеттік және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы