Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіFarabi University

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

23 қазан, 2025

Аталған іс-шара аясында «Мемлекеттік егемендік құндылық ретінде: қауіп-қатерлер мен бағыттардың пәнаралық көзқарастары» атты секциялық отырысты Философия және саясаттану факультеті ұйымдастырды.

Секцияның модераторы болып факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты Мейрбаев Бекжан Бейсенбайұлы сөз сөйледі. Секция жұмысында егемендік, зайырлылық, ұлттық мәдениет және қазіргі заманның құндылықтық мәселелері талқыланды. Спикерлер ретінде факультет профессорлары мен жас ғалымдар сөз сөйледі:

  • Бишманов Какимжан Муратжанович, заң ғылымдарының кандидаты, профессор –  «Зайырлылық – егемендіктің құрамдас бөлігі ретінде»;
  • Нурышева Гүлжихан Жұмабайқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор –  «Қазақтың ұлттық құндылықтары және қазіргі заман»;
  • Өмірбекова Алия Өмірбекқызы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – «Білім берудің жаһандануы және ұлттық мәдениеттің құндылықтарын сақтау мәселесі»;
  • Дүйсенбаев Абай Кабакбаевич, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – «Мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау контекстінде мәдени және идеологиялық қауіптер»;
  • Алматай Қуанышбай, психология мамандығының 1 курс докторанты – «Жастар санасындағы егемендік түсінігі: медиа, тренд, идеология және құндылық үшін күрес»;
  • Байжұма Дінмұхамед Есенғазыұлы, философия мамандығының 2 курс магистранты – «Мемлекеттік егемендік – философиялық-құқықтық категория ретінде».

Конференция барысында қатысушылар мемлекеттік егемендіктің рухани және әлеуметтік негіздері, ұлттық құндылықтардың заманауи маңызы мен тәуелсіздікті сақтау тетіктері жөнінде ой бөлісті.

Іс-шара жас ғалымдар мен тәжірибелі зерттеушілердің өзара пікір алмасуына, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтық бағыттарын терең пайымдауға мүмкіндік берді.